Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

17.11.2022 | 95

Асхат Аймағамбетов Абай облысы тұрғындарының сұрақтарына жауап беріп, мектеп және колледж директорларымен кездесу өткізді.

Асхат Аймағамбетов Абай облысы тұрғындарының сұрақтарына жауап беріп, мектеп және колледж директорларымен кездесу өткізді.

Іссапармен Абай облысында болдым. Білім беру ұйымдарын аралап, тұрғындар алдында есеп беру кездесуін өткіздім. Сондай-ақ мектеп және колледж директорларымен кездестім. Жаңа облыс тұрғындарын Мемлекет басшысының шешімі қуантқаны және өз өңірінің дамып, өркендеуіне зор үміт артып отырғаны сезіледі.
 
Есеп беру кездесуіне 300-ден астам адам жиналды. Олардың қатарында ата-аналар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, білім беру ұйымдарының басшылары, ұстаздар мен мектеп белсенділері бар.
 
Жиында министрліктің атқарып жатқан жұмыстарына қысқаша тоқталдым. Сонымен қатар уақыттың көп бөлігі тұрғындардың өздерін қызықтырған сұрақтары мен ұсыныстарына арналды.
 
Кездесуде түрлі сұрақтар көтерілді. Дәлірек айтқанда, мектеп психологтарының санын көбейту қажеттілігі, жалпы білім беретін мектептерде НЗМ мектептеріне ұқсас куратор жүйесін енгізу туралы ұсыныс, мектептерде буллингтің алдын алу, Worldskills қозғалысын дамыту және жаңа құзыреттерді енгізу, мұғалімдерге әртүрлі қосымша төлемдерді төлеу, қосымша білім беру ұйымдарында инклюзияны дамыту, мектептен тыс уақытта балалары үшін ата-ананың жауапкершілігі, оқушылардың бір мезгілде мектепте және колледжде қосымша еңбек біліктілігін алуына мүмкіндік беру.
 
Жиынға қатысушыларға уақыт бөліп, білім саласына қызығушылық танытқандары үшін алғыс айтамын.
 
Одан кейін бірден мектеп, колледж директорларымен бөлек кездесу өткіздім. Кездесу жиналыс емес, пікірталас форматында өтті. Мектеп, балабақша, колледж директорлары проблемалар мен ұсыныстарды өздері айтқаны маңызды, кейін сұраныстарға сүйене отырып, мұқият талдаудан кейін біз қажетті шешімдерді қабылдаймыз.
 

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки