Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

19.11.2022 | 84

Қазақстандық оқушылар алғаш рет робототехника бойынша дүниежүзілік олимпиадада 2-ші орын алды

Қазақстандық оқушылар алғаш рет робототехника бойынша дүниежүзілік олимпиадада 2-ші орын алды

 
Қуанышты жаңалық!
 
Оқушыларымыз кезекті рет өте жоғары деңгей көрсетіп, алғаш рет робототехникадан әлем олимпиадасында 2-орынға ие болды. Жарыс Германияның Дортмунд қаласында өтті.
 
Шымкент қаласындағы Ж. Жабаев атындағы №26 мемлекеттік мектеп пен №9 IT-лицейінің оқушылары Иманғали Мыңжасар мен Бибарыс Михаш жеңімпаз атанды.
 
World Robot Olympiad (WRO) 2004 жылдан бері өткізіліп келеді. Қазақстан бұл олимпиаданың 2014 жылдан бергі қатысушысы. Биыл 73 елдің 365 командасы финалда үздік атаққа таласты.
Ал іріктеу кезеңіне бүкіл әлем бойынша 15 000 команда қатысты.
 
Балалардың әлемдік аренадағы жеңістері ерекше мақтаныш сезімін тудырады.
 
Жас және дарынды жеңімпаздарымызды осындай жоғары нәтижемен құттықтаймын!
Сондай-ақ олардың тәлімгерлері мен ата-аналарын да құттықтаймын!
Балаларға биік белестерді бағындыра берулеріне тілектеспін!
 

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки