Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

27.11.2022 | 299

ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ

ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ

Асхат Аймағамбетов Солтүстік Қазақстан облысына барды. Петропавл қаласында облыс тұрғындары алдында есеп беру кездесуін өткізді. Жиында ата-аналар, журналистер, білім беру саласының қызметкерлері мектеп салу, кітапханашылардың жалақысын көтеру, мұғалімдердің жұмысқа орналасу ережелері, мұғалімдерге біліктілік беру және т. б. тақырыптарға қатысты сұрақтарын қойды.
Есеп беру кездесуінен кейін Оқу-ағарту министрі «Жайлы мектеп» жобасын жүзеге асыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. 2025 жылға дейін облыста 6 600 оқушы орнына арналған 4 мектеп салу жоспарда бар. Оның екеуінің құрылысы 2023 жылы, ал қалған екеуінің құрылысы 2024 жылы басталады.
Сапар аясында Оқу-ағарту министрі білім басқармаларының басшыларымен және білім беру ұйымдарының директорларымен кездесті. Жиында директорлардың аттестациясы, оқу бағдарламалары, балабақшаларды қаржыландыру, нормативтік-құқықтық актілер және т.б. жұмыс мәселелері талқыланды.
Кейін мұғалімдермен педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының тиімділігі мен білім сапасы туралы сөйлесті.
Асхат Аймағамбетов «Алтын бесік» балабақшасына барды. Мұнда пилоттық жоба бойынша топпен 1 емес, бірден 2 тәрбиеші жұмыс істейді. Нәтижесінде тәрбиешілердің жүктемесі айтарлықтай азайды және екі есе артық жалақы алады.
Асхат Аймағамбетов Астрахань ауылындағы мектепке барды. Министр мектеп кітапханасының жұмысына, материалдық-техникалық базасын жаңартуға, жөндеу жұмыстарын жүргізуге және жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділікті қамтамасыз етуге қатысты шаралар қабылдауды тапсырды.

Оқу-ағарту министрлігінің аппарат кеңесінде орта білім беру ұйымдарына мұғалімдерді жұмысқа қабылдау бойынша тексеріс қорытындысы қаралды. Биыл 3855 педагог жұмысқа қабылданды. Алайда, 1423 бос орын бойынша конкурс өткізілмеген. 944 маманды жұмысқа қабылдау барысында конкурсты ұйымдастыру тәртібі бұзылған. Асхат Аймағамбетов мұғалімдерді конкурстан тыс жұмысқа қабылдау қолданыстағы бұйрықты тікелей орындамау және ол үшін жауапкершілік бар екенін ескертті.

Асхат Аймағамбетов аутизм мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысына қатысты. Жиында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сарапшылар және аутизм мәселелері бойынша мамандармен Жол картасының жобасы талқыланды. Кездесуде аутизмі бар балалардың ата-аналарын қолдау, оларға арналған курстар дайындау және ақпараттық платформа жасау туралы ұсыныс көтерілді. Сондай-ақ ресурстық орталықтардың жұмысын дамыту, жеке ұйымдарда мемлекеттік тапсырысты орналастыру, мамандардың біліктілігін арттыру және тағы да басқа мәселелер талқыланды.

Осы аптада Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов қоғамдық қабылдау өткізді. Кездесуге жазылған азаматтар мектептерде шеттілдерді оқыту, оқушыларды кітап оқуға баулу, дарынды балаларды қолдау мен мұғалімдерді жұмысқа қабылдау және басқа да тақырыптар бойынша ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Министр қоғамдық қабылдау қорытындысы бойынша жауапты комитеттерге нақты тапсырмалар берді.

Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері Оңтүстік Кореяның профессорлары, оқытушылармен бірге білім сапасы, оқу бағдарламаларын жаңғырту мен тәрбие мәселелерін талқылады. Екіжақты кездесуде қос мемлекеттің ынтымақтастығы туралы да айтылды. Қазақстанның мүмкіндігі мен әлеуеті мол екенін айтқан профессор Джо Гю Юн оқушыларды ерте жастан еңбекке баулудың маңызына тоқталды. Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері елімізде тегін кәсіптік және техникалық білімді жалпыға бірдей қолжетімді ету бағытында атқарылған жұмыстар туралы айтып, соңғы жылдары білім беру саласында орын алған реформалардың маңызын түсіндірді.

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки