Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

26.11.2022 | 152

ШҚО-ДА МАТЕМАТИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ ОҚУШЫЛАРЫМЕН БІРГЕ БАЛАЛАРҒА ТЕГІН ХАКАТОН ҰЙЫМДАСТЫРАДЫ

ШҚО-ДА МАТЕМАТИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ ОҚУШЫЛАРЫМЕН БІРГЕ БАЛАЛАРҒА ТЕГІН ХАКАТОН ҰЙЫМДАСТЫРАДЫ

Шығыс Қазақстан және Абай облыстарынан 120-дан астам оқушы 10 және 11 сынып оқушыларына арналған IT-хакатонға қатысады. Балаларға арналған зияткерлік сайысты математика пәнінің мұғалімі Біржан Әуезов ұйымдастырды. Биыл ол «2022 жылдың үздік педагогі» құрметті атағын жеңіп алды.

«Бұл оқушыларымның көмегімен ұйымдастырылып отырған екінші хакатон. Алғашқысы 2022 жылдың мамыр айында өтті. Мақсатым балаларды IT саласына тарту болды. Енді балалар мектептен бастап бағдарламалау тілдерін үйрене алады. Бірінші хакатонға 50-ге жуық бала қатысты. Қазір IT білім бойынша бәсекеге түскісі келетіндер саны үш есеге жуық артты. Хакатон ұйымдастыру туралы студент кезімнен ойлайтынмын. Бірақ оны биыл ғана жүзеге асырдым», дейді педагог.

Ұстаз құрамына 7-11 сынып оқушылары кіретін IT-club ашқан. Оқудан бос уақытында олар мұғалімімен бірге ауыл мектептеріндегі балаларға математика, бағдарламалау және ағылшын тілін үйретеді. Жоба ашылғалы бір жарым жылдан астам уақыт ішінде команда 3 000-нан астам баланы онлайн және офлайн форматта оқытты.

Бұған дейін Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Астанада «Үздік педагог» құрметті атағы иегерлерінің есімдерін салтанатты түрде жариялаған болатын. 64 жеңімпазға 3 млн теңгенің ақшалай сертификаттары мен төсбелгілер табыс етілді. Жеңімпаздардың бірі – Біржан Әуезов.

 

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки