Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

20.01.2023 | 637

Оқу-ағарту министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті жетілдіру бойынша семинар өтті

Оқу-ағарту министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті жетілдіру бойынша семинар өтті

2023 жылғы 20 қаңтарда Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шара өткізілді.

Агенттік өкілі Ж. Жылқышиева сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген жаңалықтармен таныстырды. Енгізілген жаңашылдықтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіруге, оның ішінде алдыңғы қатарлы халықаралық стандарттарға негізделген сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа құралдарын енгізуге бағытталған.

Ведомствоның өкілі соңғы түзетулерді, атап айтқанда, мемлекеттік қызметшілердің шығыстары мен кірістерінің сақталуын бақылау, сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған тұлғаларды қорғауды қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметін жетілдіру туралы түсіндірді.

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки