Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

03.03.2023 | 433

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ — ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСТЫ НАЗАРЫНДА

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ — ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСТЫ НАЗАРЫНДА

Шымкент қаласы полиция департаментінің жедел басқару орталығында Оқу-ағарту министріне білім беру ұйымдарын «дабыл түймелерімен» және бейнебақылау жүйелерімен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың нәтижелері туралы айтылды.

«Мектептердегі барлық бейнекамералар жедел басқару орталығына қосылған. Бұл бізге нақты уақыт режимінде мектеп қабырғасында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — полиция департаментінің бастығы Қайрат Дәлбеков.

Айта кету керек, бүгінде Шымкент қаласындағы мектептер тиісті қауіпсіздік жүйелерімен қамтылып, бейнебақылау жүйелері мен дабыл батырмалары облыстық полиция департаментінің Жедел басқару орталығына қосылған. Білім нысандарының бәрі мамандандырылған күзет мекемелерімен келісім-шарт аясында жұмыс істейді. Сондай-ақ 246 мектеп ғимаратының кіреберісіне фейс-турникеттер қойылған.

«Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндетіміз. Сондықтан бұл бағыттағы жұмысқа аса жауапкершілікпен қарауымыз керек», – деді Ғани Бейсембаев.

Сондай-ақ балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды көру үшін Оқу-ағарту министрі қаланың бірқатар білім беру ұйымдарына барды. Онда «дабыл түймелері» және төтенше жағдайлар туындаған кезде жедел әрекету жұмыстарын өзі тексерді.

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки