Білім жаңалықтары
24.03.2023 | 209
КЕНТАУЛЫҚ ОҚУШЫ ҚАРА ЖОРҒА БИЛЕЙТІН РОБОТ ЖАСАДЫ
КЕНТАУЛЫҚ ОҚУШЫ ҚАРА ЖОРҒА БИЛЕЙТІН РОБОТ ЖАСАДЫ
Кентау қаласындағы №23 орта мектептің бесінші сынып оқушысы Аружан Смайл Оқушылар сарайындағы робототехника үйірмесіне қатысады. Жас өнертапқыш Ақниет тәлімгері Елемесованың жетекшілігімен биші құлтемір жасады.
«Басты мақсатымыз – «Арқан тарту», «Көкпар», « Теңге алу» секілді қазақтың ұлттық ойындарын техникалық саламен ұштастыру және өскелең ұрпақтың қызығушылығын арттыру, оларға жол ашу»,– дейді Ақниет Елемесова.
Аружанның айтуынша, үйірмеге алғаш қатысқаннан кейін робототехникаға деген қызығушылық артқан. Ол ұлттық дәстүрлерді насихаттауға бағытталған жоба жасағысы келіп, ойын жүзеге асырды. «Қара жорға» билейтін ерекше роботты ол Наурыз мерекесінде көпшілікке көрсетті. Аружан робототехникада ғана емес, жаратылыстану – математикалық бағыттағы пәндерден де озат оқушы.
-
-
08.06.2023 | 112
ПАТРОНАТ ТӘРБИЕШІЛЕР ҚЫЗМЕТІНІҢ ТӨЛЕМАҚЫСЫ КӨБЕЙДІ
-
07.06.2023 | 126
БАЛАНЫ СУДА ҚҰТҚАРҒАН АҚТӨБЕЛІК ОҚУШЫ МАРАПАТТАЛДЫ
-
07.06.2023 | 139
ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ