Білім жаңалықтары
27.03.2023 | 434
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫНА 29 БІЛІМ ГРАНТЫ ТАБЫСТАЛДЫ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫНА 29 БІЛІМ ГРАНТЫ ТАБЫСТАЛДЫ
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша 422 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Оның 86-сы алтын, 127- сі күміс, 209-і қола медаль.
«Үздік олимпиадалық команда» номинациясының бас жүлдесіне НЗМ оқушылары ие болды. Бірінші орынды Алматы қаласының бірқатар мектептері мен Республикалық физика-математика мектеп командасы иеленді. Астана қаласы, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарының командалары екінші орынды жеңіп алса, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда және Қарағанды облыстарының оқушылары үшінші орынға ие болды. Сонымен қатар Абай облысының 10 сынып оқушысы Әмір Шәукенов «Ауылдық жердің үздік оқушысы» номинациясымен марапатталды.
Бұл олимпиаданың ерекшелігі биылғы жеңімпаз түлектерге білім гранты табысталды. Еліміздің жетекші жоғары оқу орындарына 29 грант берілді. Ол Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Toraighyrov University, Satbayev University, IT Халықаралық университеті, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ, Auezov University, Shakarim University, KBTU.
Естеріңізге сала кетейік, жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада 20-25 наурыз аралығында өтті.
-
-
08.06.2023 | 112
ПАТРОНАТ ТӘРБИЕШІЛЕР ҚЫЗМЕТІНІҢ ТӨЛЕМАҚЫСЫ КӨБЕЙДІ
-
07.06.2023 | 126
БАЛАНЫ СУДА ҚҰТҚАРҒАН АҚТӨБЕЛІК ОҚУШЫ МАРАПАТТАЛДЫ
-
07.06.2023 | 139
ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ