Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

30.03.2023 | 479

ЕЛІМІЗДЕ 400 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА БІРІНШІ СЫНЫПҚА БАРАДЫ

ЕЛІМІЗДЕ 400 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА БІРІНШІ СЫНЫПҚА БАРАДЫ

Бірінші сыныпқа қабылдау үшін өтініш беру 1 сәуірде басталып, тамыздың 1-не дейін жалғасады. Мемлекеттік білім беру қызметі egov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы мен жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелерінде қолжетімді.

«Балалар бірінші сыныпқа алты жастан бастап ата - анасы немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Өтінішпен бірге №065у формасындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама, 026/у-3 баланың денсаулық паспорты және баланың екі дана 3*4 фотосуреті болу керек. Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады. Сондай – ақ 1-2 сәуір демалыс күндері, демек өтініштер 3 сәуірден бастап қаралады», –дейді орта білім комитетінің бас сарапшысы Ерлан Маемеров.

Жаңа оқу жылында 400 мыңнан астам қазақстандық бала бірінші сыныпқа барады.

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки