Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

09.06.2023 | 557

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨНЕРТАПҚЫШТАР ЖАРЫСЫ БАСТАЛДЫ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨНЕРТАПҚЫШТАР ЖАРЫСЫ БАСТАЛДЫ

9-11 маусым аралығында Тараз қаласында Республикалық техникалық шығармашылық және өнертапқыштар байқауы өтеді.

Еліміздің барлық аймақтарынан келген 180 оқушы әуе, зымыран, авто, кеме модельдеу бойынша сынға түседі. Жас өнертапқыштардың командалық жарыстары қала мен облыстың бірнеше нысанында бір уақытта өткізілуде.

2 күндік жарыс қосымша білім беру педагогтері үшін тәжірибе алмасуға, жас конструкторлар мен инженерлерге шығармашылық әлеуетін іске асырып, ғылыми-техникалық идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

«Бұл жас өнертапқыштар мен техниктерге өздерін жүзеге асыруға,идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін еліміздегі ірі шығармашылық және интеллектуалды шара. Техникалық шығармашылық – бұл әрқашан ойдың ұшқырлығы мен шеберліктің көрінісі. Бұл – болашаққа жасалған қадам», – дейді республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Раиса Шер.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар диплом, сыйлықтармен, ал жеңімпаздардың жетекшілері алғыс хаттармен марапатталады.

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки