Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

13.09.2023 | 870

БАЛАЛАРДЫ ЗОРЛЫҚ – ЗОМБЫЛЫҚТАН ҚОРҒАУ, СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛУ, ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН САЛАМАТТЫЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНІНДЕГІ КЕШЕНДІ ЖОСПАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ – ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ

БАЛАЛАРДЫ ЗОРЛЫҚ – ЗОМБЫЛЫҚТАН ҚОРҒАУ, СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛУ, ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН САЛАМАТТЫЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНІНДЕГІ КЕШЕНДІ ЖОСПАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ – ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ

 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкімет балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу, олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз етудің 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарын қабылдады. Бүгін бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстел барысында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері хабарлады.

Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан атап өткендей,  мемлекеттің басты міндеттерінің бірі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

«Жоспарды әзірлеу кезінде балалар ортасындағы жағдайға егжей-тегжейлі талдау  жасалды. Біз статистиканы зерттедік, балаларға қатысты зорлық-зомбылық туралы деректерді жинадық, қауіп факторларын анықтадық және зорлық-зомбылық жағдайында балаларға қандай ресурстар бар екенін білдік. Бұл талдау бізге басым бағыттарды нақтырақ анықтауға мүмкіндік берді», - деп мәлімдеді Еділ Оспан.

Балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен суицидтің тиімді алдын алу үшін құжатта 53 шара қарастырылған.  ҚР Оқу-ағарту вице-министрі осы бағыттағы профилактикалық жұмыстарды жүзеге асыру туралы егжей-тегжейлі айтып берді, сондай-ақ кешенді жоспар шеңберінде өткізілетін негізгі іс-шараларға тоқталды:

   − балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша тәуекелдердің интерактивті картасын жасау. Осы ақпарат негізінде балаларға шұғыл көмек көрсету үшін нүктелік бағдарлама әзірлеу;

− білім беру ұйымдарында балалар арасында жәбірлеуге қарсы күрестің тиімділігін көрсеткен халықаралық тәжірибеге негізделген бірыңғай буллингке қарсы бағдарламаны енгізу;

− мектепішілік есеп жүргізу шеңберінде кейс-менеджмент технологиясын енгізу. Бұл ерекше білім алуды қажет ететін балаларға қиын жағдай туындаған сәттен бастап, оның толық шешілуіне дейін жан-жақты қолдау көрсетуге мүмкіндік береді;

− мектептерде балаларға арналған жеке қауіпсіздік сабақтарын енгізу. Бұл сабақтарда балалар әртүрлі жағдайларды шешуге көмектесетін білім мен дағдыларды үйренеді;

Сондай-ақ, Кешенді жоспар аясында мектеп педагог-психологтарының жұмысы қайта форматталады:

 - балалармен жұмыс істеудің практикалық дағдыларына баса назар аудара отырып, оқыту бағдарламасын қайта қарау;

 - өңірлерде педагог-психологтардың жұмысын үйлестіретін психологиялық қызмет орталықтарын құру;

 -  балалармен жұмыс істеу әдістерін цифрландыру және біріздендіру;

Кешенді жоспарды іске асыруды талқылау барысында Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова бүгінгі таңда білім алушылардың психологиялық саулығы басты міндетке айналатынын айтты. Сондай-ақ, педагог-психологтар баланың эмоционалды жағдайын қолдауда ерекше рөл атқарады. Оның айтуынша, қазіргі балалардың қажеттіліктерін қанағаттандыру және оларға уақтылы, әрі жан-жақты көмек көрсету үшін психологиялық қызметтерді бейімдеу, күшейту қажет.

«Кешенді жоспарды жүзеге асыру аясында біз мектептегі педагогикалық психологтардың әлеуетін арттыру бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Маңызды мәселе – болашақ педагогикалық психологтарды дайындау. Педагог-психологтардың қызметін цифрландыру оларға консультациялық көмекке мұқтаж балалармен нақты жұмыс істеуге, аса  назар аударуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Министрлік ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп оқыту бағдарламаларын жаңарту бойынша жұмысты бастады» - деп атап өтті Насымжан Оспанова.

Кешенді жоспар шеңберінде жүйелі шараларды қабылдау ұзақ мерзімді перспективада келесідей мәселелерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді:

1) кәмелетке толмағандар арасында және оларға қатысты құқық бұзушылықтар, балалар суицидінің санын жыл сайын кем дегенде 5%-ға дейін төмендету;

2) педагог-психологтардың, әлеуметтік педагогтердің санын, біліктілігін арттырумен қамтылған балалардың құқықтарын қорғау саласында жұмыс істейтін педагогтердің үлесін ұлғайту;

3) балалардың құқықтық қорғалу деңгейін арттыру;

4) барлық балаларды құқықтық шаралармен және бос уақытымен қамту;    

Айта кетейік, Министрлік барлық мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіретін болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки