Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

14.09.2023 | 865

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР EJOI ИНФОРМАТИКАДАН ЕУРОПАЛЫҚ ЖАСӨСПІРІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫНДА ТӨРТ МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР EJOI ИНФОРМАТИКАДАН ЕУРОПАЛЫҚ ЖАСӨСПІРІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫНДА ТӨРТ МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Биылғы жылдың 8-14 қыркүйегі аралығында қазақстандық құрама Грузияда өткен EJOI-2023 информатикадан еуропалық жасөспірімдер олимпиадасына қатысты. Мұнда әлемнің 24 елінен 96 қатысушы өзара бәсекеге түсті.

EJOI халықаралық IOI информатика олимпиадасының ережелері мен стандарттарын ұстанады.  Бұл маңызды оқиға, Еуропа Кеңесінің мүше- мемлекеттерінде IT-индустрия элитасының даму сатысы. 

Оның қорытындысы бойынша Қазақстан құрама командасы төрт медаль жеңіп алды: 
Алтын - Мамадахунов Мансур - Қызылорда қаласындағы С. Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» облыстық лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;

Күміс - Серікбай Сұңғат - Тараз қаласындағы «Білім-Инновация» дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;

Күміс - Аменов Әлем - Семей қаласындағы «Білім-Инновация» дарынды ұлдарға арналған мамандандырылған лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;

Қола – Алдамжаров Әлішер - Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы.

Құрама жетекшілері: Сатылханов Темірлан Қайратұлы-Astana IT университетінің оқытушысы және Нұрмаш Айдос – халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы.

Қазақстандық құраманы олимпиададағы лайықты жеңісімен құттықтаймыз!

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки