Білім жаңалықтары
21.11.2023 | 760
ХРОМТАУЛЫҚ ОҚУШЫ ҚАЗАҚ ХАНЫНЫҢ ПОРТРЕТІН СӨЙЛЕТТІ
ХРОМТАУЛЫҚ ОҚУШЫ ҚАЗАҚ ХАНЫНЫҢ ПОРТРЕТІН СӨЙЛЕТТІ
Ақтөбе облысы Хромтау қаласындағы №3 орта мектептің алтыншы сынып оқушысы Жомарт Азаматұлы ойлап тапқан құрылғысының арқасында Тәуке ханның портретін сөйлетті. Өнертабыстың ерекшелігі сонда, ол Тәуке хан тұсында Қазақ хандығында қабылданған «Жеті жарғы» заңын баяндайды.
Оқушы портретті жасауда түрлі қажетті техникалық құралдар мен аудиотаспаларды пайдаланған. Жұмысты әзірлеуге бір жыл уақыт кеткен. Портрет mp3-құрылғысымен, сенсорлы өшіру түймелерімен және 12 В қуат көзімен жабдықталған.
Жас өнертапқыш алдағы уақытта өзге де ақын-жазушылар мен тарихи тұлғалардың портреттерін сөйлетіп, сол арқылы өскелең ұрпаққа халық тарихын кеңінен насихаттауды жоспарлап отыр.
-
-
02.07.2025 | 176
ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі азаматтарды жеке қабылдады
-
02.07.2025 | 174
Жазғы кезеңде 11 мыңнан астам педагог біліктілігін арттырады