Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

30.01.2024 | 162

ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Азаматтарды қабылдау орталығында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Өңірлердің тұрғындары өз сұрақтарын офлайн және онлайн форматта қоюға мүмкіндік алды. Атап айтқанда, сұрақтар мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, инклюзивті білім беру мәселелеріне қатысты болды.
Ғани Бейсембаев барлық сауалдарға толыққанды жауап берді. Зерделеу мен пысықтауды қажет ететін мәселелерді өзінің жеке бақылауына алды. Комитеттер мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларына тиісті тапсырмалар берді.

2023 жылы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі елімізде 500-ден астам азаматтарды жеке қабылдау жүргізді. Қабылдау биыл да жалғасады.

Айта кетейік, жеке қабылдау Астана қаласында Мәңгілік Ел даңғылы, 8 ғимаратта Министрліктер үйінің 16-кіреберіс мекенжайында орналасқан Мамандандырылған азаматтарды қабылдау орталығында өтеді.

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки