Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

22.02.2024 | 183

ҚАЗАҚСТАН ӘР БАЛАНЫҢ ОТБАСЫНДА ТӘРБИЛЕНІП, ӨМІР СҮРУ ҚҰҚЫҒЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫП КЕЛЕДІ

ҚАЗАҚСТАН ӘР БАЛАНЫҢ ОТБАСЫНДА ТӘРБИЛЕНІП, ӨМІР СҮРУ ҚҰҚЫҒЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫП КЕЛЕДІ

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері әрбір жетім баланың отбасында өмір сүру құқығын қамтамасыз етудің қаншалықты маңызды екенін атап өтті.
Бүгінде жетім балалардың 80%-ы қазақстандық отбасылардың қамқорлығына берілген. Жыл сайын Қазақстан азаматтары өз отбасыларына 1000-нан астам жетім балаларды қабылдап келеді.
«Біз балалар үйлерін институционалсыздандыруды жалғастырып келеміз және 3 жыл ішінде олардың саны 21 ұйымға азайды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес балаларды отбасыларға орналастырудың жаңа тәсілдерін әзірлеу, сондай-ақ интернат ұйымдары тәрбиеленушілерінің санын қысқарту бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.
Сондай-ақ, өткен жылы 700-ден астам жетім бала баспаналы болғанын айта кету керек, бұл олардың негізгі құқықтары және толыққанды дамуы үшін жағдай тудырудағы тағы бір маңызды қадам болды.

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки