Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

23.02.2024 | 250

ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ АСТАНАДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА МЕКТЕБІНЕ БАРДЫ

ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ АСТАНАДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА МЕКТЕБІНЕ БАРДЫ

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Республикалық физика-математика мектебінің Астанадағы филиалына барды. Еліміздің бас ұстазы республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен, сондай-ақ оқу ордасының ұжымымен кездесу өткізді.

Мектеп базасында iOS-бағдарламалауды оқытатын заманауи зертхана жұмыс істейді. Ол жерде оқитын WRO-2023 және FLL-2023 робототехника олимпиадасының жүлдегерлері министрге өз жобаларын ұсынды. Сабақтарды Apple сертификатталған жаттықтырушылары өткізетінін атап өткен жөн.

Педагогтермен кездесу барысында Ғани Бейсембаев еліміздегі білім беруді дамыту перспективаларына, сондай-ақ ведомство тарапынан қабылданып жатқан шараларға тоқталды. Министрдің айтуынша, білім беру сапасын арттыруда білікті кадрлар мен менеджерлерді даярлауға ерекше көңіл бөлінеді.

«Жарты ғасырлық тарихы бар Республикалық физика-математика мектебі еліміздегі осы бағыттағы білім ошақтарының ішіндегі мықтылардың бірі. Мектеп түлектерінің қатарында: үздік педагогтер, ғалымдар, инженерлер, IT-мамандар бар. Бұл тәжірибені одан әрі дамыту қажет. Біз білім берудегі инновациялық трендтерді қалыптастыруға ықпал ететін жаңа жобаларды қарастырып жатырмыз», - деп атап өтті министр.

Айта кетейік, РФММ елордалық филиалында бүгінде 1500-ге жуық оқушы білім алуда. Осы жылдар ішінде оқушылар беделді халықаралық олимпиадаларда 17 алтын, 11 күміс, 23 қола медаль жеңіп алды. Түлектердің 75% - ы IT және инженерлік мамандықтарды таңдайды және елдіміз бен әлемдегі жетекші университеттерде оқиды.

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки