Білім жаңалықтары
23.02.2024 | 881
ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫН ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ
ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫН ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ
Дәстүр бойынша, қала тұрғындарымен есеп беру кездесуінен кейін Оқу-ағарту министрі азаматтарды жеке қабылдады.
Тұрғындар жұмысқа орналасу, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, инклюзивті, қосымша білім беру, педагог кадрларды даярлау және сапасын арттыру және т. б. мәселелерімен министрге жүгінді.
Ғани Бейсембаев барлық өтініштерге толық түсініктеме берді. Қарауға қосымша уақытты қажет ететін мәселелер жеке бақылауға алынды. Комитеттер мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.
Айта кетейік, азаматтарды жеке қабылдау өңірлерде де, Министрліктер үйіндегі азаматтарды қабылдаудың мамандандырылған орталығында да өтеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша министр барлығы 500-ден астам азаматты жеке қабылдады. Бұл шаралар биыл да жалғасады.
-
-
02.07.2025 | 102
ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі азаматтарды жеке қабылдады
-
02.07.2025 | 90
Жазғы кезеңде 11 мыңнан астам педагог біліктілігін арттырады
-
01.07.2025 | 108
Қабылдаушы кәсіби отбасы дегенміз не?