Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

19.03.2024 | 234

«ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН МЕКТЕП»: ЕЛІМІЗДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН ЖАҚСАРТУ БОЙЫНША ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

«ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН МЕКТЕП»: ЕЛІМІЗДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН ЖАҚСАРТУ БОЙЫНША ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Оқу-ағарту және денсаулық сақтау министрліктерінің бастамасымен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектеп» жобасы іске асырылуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан айтты.

Жобаның мақсаты-оқушылардың денсаулық көрсеткіштерін жақсарту, балаларды, ата-аналарды және мектеп әкімшілігін жобаға тарту арқылы оларды теріс әдеттерден қорғау. Вице-министрдің айтуынша, жобаға 1200 мектеп қатысады. Қазіргі таңда басқа да білім беру ұйымдарын тарту мақсатында жұмыстар жүргізілуде.

«Жасөспірімдерді нашақорлық, вейпинг, лудомания сияқты жағымсыз құбылыстардан қорғау үшін Министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп балаларды теріс әдеттерден қорғау және олардың денсаулығын дамыту жөніндегі бірнеше жол карталары мен іс-қимыл жоспарларын жүзеге асыруда. Биология, дүниетану, жаратылыстану және дене шынықтыру пәндерінің мазмұнына темекі шегу мен есірткінің зияны туралы тақырыптар енгізілді. Сонымен қатар мектептерде полиция және медицина қызметкерлерінің қатысуымен психоактивті заттар мен вейптерді қолданудың алдын алу бойынша іс - шаралар өтеді»,-деп атап өтті вице-министр.

Бұл жұмысқа барлығы 90 мың маман, сегіз мыңнан астам педагог-психолог және төрт мың әлеуметтік педагог тартылды.

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки