Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

29.03.2024 | 243

АСТАНАДА ӨТКЕН КОНФЕРЕНЦИЯДА STEAM-БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

АСТАНАДА ӨТКЕН КОНФЕРЕНЦИЯДА STEAM-БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Астанада өткен республикалық ғылыми-практикалық конференцияда STEAM-білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Оған 300-ден астам педагог пен ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Іс-шараға қатысқан ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев қазақстандық білім беру жүйесінде ЅТЕАМ бағытын дамытудың маңыздылығын атап өтті.

«Қазір әлем көз ілеспес жылдамдықпен өзгеруде және STEAM әдісімен білім беру осы процесте аса маңызды рөлге ие. STEAM - нақты ғылымдар мен креативті ойлауға баса назар аудара отырып, білім берудің перспективті және қызықты бағыттарының бірі болып табылады. Оның нәтижелілігін түрлі халықаралық жарыстарда ең жоғары нәтиже көрсеткен оқушыларымыздан да байқауға болады. Өткен жылы робототехника бойынша біздің еліміздің құрамасы әлем чемпионы атанды. Сондықтан STEAM білімін дамыту саладағы басым бағыттардың біріне айналуда. Біз инновациялық білім беру бағдарламаларына қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, әр баланың шығармашылық және зияткерлік өсуіне жағдай жасауымыз керек», – деді Қаныбек Жұмашев.

Қатысушылар конференция барысында ЅТЕАМ - білім берудің негізгі бағыттары бойынша түрлі кейстерді зерделеді. Пленарлық отырыста білім беру ұйымдарының басшылары мен Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілі сөз сөйледі.

Айта кетейік, ЅТЕАМ - білім беруді дамыту мақсатында Қазақстанда мектептерді материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету жүзеге асырылуда. Тек 2023 жылы мыңнан астам мектеп химия, физика, биология, STEАM және робототехника пәндерінің кабинеттерімен жабдықталды. Биыл 1200-ден астам пәндік кабинет сатып алу жоспарланған.

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки