Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

05.05.2024 | 292

Оқу-ағарту министрі «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздарымен кездесті

Оқу-ағарту министрі «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздарымен кездесті

Қазақстанда 12 жыл бойы дәстүрлі түрде «Үздік педагог» республикалық конкурсы ұйымдастырылып келеді. Бүгінге дейін жалпы саны 624 мұғалім өз мамандығының үздігі болып танылды.

Педагогтермен кездесуде оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім саласының дамуындағы ұстаздардың рөлі маңызды екенін атап өтті.

«Ұстаз болу - бұл ең алдымен өз мамандығыңды шексіз сүю. Оның ұрпаққа тәрбие мен білім берудегі еңбегі шексіз. Ұстаздың міндеті мектеп табалдырығын тарыдай болып аттаған әрбір баланы адал адам, тұлға ретінде қалыптастыруға күш салу. Өскелең ұрпақтың тағдыры мұғалімнің қолында, сондықтан педагогтер өзінің үлгілі ісі арқылы терең білім мен жоғары мәдени құндылықтарға жол көрсететін тұлға болуы тиіс»,- деді Ғани Бейсембаев.

Еліміздің үздік ұстаздары өз іс-тәжірибелерімен, идеяларымен бөлісті. Сондай-ақ мемлекетке өздеріне сенім артып, педагогикалық қауымға көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірді.

Айта кетейік, «Үздік педагог» республикалық байқауы 2012 жылдан бері өткізіліп келеді. Жыл сайын 64 педагог осы марапатқа ие болады. Әрбір жеңімпазға мемлекеттік қолдау ретінде 1000 АЕК немесе 3 450 000 теңге көлемінде сыйақы беріледі.

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки