Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

14.05.2024 | 137

Айтылды-Орындалды

Айтылды-Орындалды

Айтылды:

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында академиялық дербестікті енгізуді қамтамасыз ету

Мемлекет басшысының 2021 жылғы 26 қаңтардағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмасы

Орындалды:

  • Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 03 мамырдағы № 118-VII Заңы шеңберінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының құзыретіне мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына (МЖМБС) сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің (ТжКББ) білім беру бағдарламаларын әзірлеу және бекіту нормасы арқылы академиялық дербестік берілді.
  • ұсынылған академиялық дербестік шеңберінде колледждер МЖМБС, кәсіптік стандарттар, Worldskills кәсіптік стандарттарының талаптары негізінде жұмыс берушілердің қатысуымен білім беру бағдарламаларын әзірлейді және оқыту мерзімдерін айқындайды;
  • білім беру бағдарламалары екі кезеңдік сараптамадан өтеді;
  • білім беру бағдарламаларын есепке алу мен сапасының бірыңғай ақпараттық ортасын қалыптастыру мақсатында білім беру бағдарламаларының тізілімі жүргізіледі. Тізілімді жүргізу «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу қағидалары, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу және алып тастау негіздерін бекіту туралы» ҚР ОМ 2022 жылғы 7 қазандағы № 417 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады;
  • 2022 жылы тізілімге 4000-нан астам жаңартылған білім беру бағдарламалары Тізілімге енгізілді. 2024 жылы Тізілімге енгізу үшін МЖМБС және кәсіптік стандарттарға сәйкестігіне 6 976 білім беру бағдарламасына сараптама жүргізу көзделген;
  • тізілімдегі білім беру бағдарламарын жаңартуға жыл сайын жол беріледі.

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки