Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

15.05.2024 | 133

Қазақстандық мектептерде 186 мың түлек үшін соңғы қоңырау 25 мамырда соғылады

Қазақстандық мектептерде 186 мың түлек үшін соңғы қоңырау 25 мамырда соғылады

2023-2024 оқу жылын 3,8 млн-нан астам қазақстандық оқушы аяқтайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева хабарлады.

24 мамыр күні  еліміздің барлық мектептерінде 1-10 сынып оқушылары үшін «Білімім – Отаныма!» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтеді. Мұнда сынып жетекшілері білім алушылармен бірге оқу жылын қорытындылайды.

186 мың 11-сыныпты бітіруші үшін соңғы қоңырау  25 мамыр күні «Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбында өтеді.

Сондай-ақ емтихандарды өткізу уақыты белгілі болды. 5-8, 10 сынып оқушылары үшін емтихандар 27 мамырда басталады. 9 сынып оқушыларының емтихандары 29 мамырдан 10 маусымға дейін жалғасады. 11 сыныптар үшін қорытынды емтихандар 28 мамыр-11 маусым аралығына жоспарланған. Аттестаттарды салтанатты тапсыру 12-15 маусым аралығында өтеді. Бұл ретте айта кету керек, төтенше жағдай жарияланған өңірлерде оқушылар аралық және қорытынды емтихандардан босатылды. Олар: Ақтөбе облысында 9 мектеп, Атырау облысында 3 мектеп және Солтүстік Қазақстан облысында 5 мектеп.

156 мың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын бітірушілер үшін қорытынды аттестаттау 28 маусымға дейін жүргізіледі, ал диплом тапсыру рәсімі 28 маусым мен 1 шілде аралығында өтеді.

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки