Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

17.05.2024 | 419

2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша сапалы интернет көрсеткіші үш есеге артты

2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша сапалы интернет көрсеткіші үш есеге артты

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша орта білім беру ұйымдарын жылдам және тұрақты интернетпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша қамту 19%-дан 78%-ға дейін өсті.

Бастама оқыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға және білім беру сапасын жақсартуға бағытталған.

«Мектептерде жоғары жылдамдықтағы интернетті қамтамасыз етудің бірнеше маңызды артықшылықтары бар. Біріншіден, бұл оқушылар мен мұғалімдерге үлкен көлемдегі ақпарат пен білім беру ресурстарына қол жеткізуге мүмкіндік береді, оқу процесі мен ой-өрісті кеңейтуге ықпал етеді. Екіншіден, жоғары жылдамдықтағы интернет түрлі онлайн-платформалар арқылы басқа мектептермен және білім беру мекемелерімен өзара іс-қимыл жасау мүмкіндігін қамтамасыз етеді, коммуникацияны дамытуға және тәжірибе алмасуға ықпал етеді», – деп атап өтті цифрландыру департаменті директорының міндетін атқарушы Майра Маралбаева.

Министрлік қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғырту, желілік қамтуды кеңейту, деректерді беру жылдамдығын арттыру және шалғай, тұрғыны аз аудандарда интернеттің қолжетімділігін қамтамасыз ету сияқты түрлі шараларды жоспарлауда.

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки