Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

05.06.2024 | 285

Қазақстандық оқушылар физикадан Азия олимпиадасына (APhO) қатысуда

Қазақстандық оқушылар физикадан Азия олимпиадасына (APhO) қатысуда

Малайзияның Кампар қаласында 3-10 маусым аралығында APhO физикадан Азия олимпиадасы өтуде. Оған әлемнің 28-ден астам елінен оқушылар қатысуда.

Физикадан Азия олимпиадасы – Азия-Тынық мұхиты аймағындағы елдердің мектеп оқушылары арасында физикадан 2000 жылдан бері жыл сайын өткізілетін бірегей зияткерлік жарыс.

Қазақстан құрамасының мүшелері:

  • Марғулан Нұрсағатов – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 11 сынып оқушысы;
  • Досжан Бисимби – Алматы қаласының «Мирас» халықаралық мектебінің 12 сынып оқушысы;
  • Артур Ким – Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;
  • Амир Пшенбаев – Астана қаласының дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;
  • Нұрбол Закир – Атырау облыстық №1 «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;
  • Ілияс Қазымбек – Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 11 сынып оқушысы;
  • Нуұрасыл Барлыбаев – Атырау облыстық №1 «Білім-инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;
  • Бекасыл Елубай – Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы.

Құрама команда жетекшілері:

  • Самат Мақсұтов – PhD докторы, SDU доценті;
  • Нұрдәулет Қаласов – PhD докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы.

Атап өтсек, 2023 жылы өткен физикадан Азия олимпиадасында Қазақстан құрама командасы 1 алтын, 2 қола медаль және 2 Құрмет грамотасымен марапатталды.

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки