Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

20.06.2024 | 323

Оқу-ағарту министрлігі мен Freedom Holding Corp. ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Оқу-ағарту министрлігі мен Freedom Holding Corp. ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Бұл құжат білім беру ресурстарын дамыту бойынша ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуды көздейді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Ол Мемлекет басшысының мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының қажетті функционалдары енгізілген бірыңғай онлайн білім беру платформасын әзірлеу туралы тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда.

«Бүгінгі таңда біз білім берудің барлық деңгейінде процестерді автоматтандыруға мүмкіндік беретін бірыңғай цифрлық экожүйе құрудың қажеттілігін көріп отырмыз. Сондықтан оқу-ағарту министрлігі Freedom Holding Corp.-тің қолдауымен білім беру өнімдерінің маркетплейсін әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізуде. Мұнда әрбір баланың талантын ашуға аралған жасанды интеллект құралдары қолданылады. Бұл балаларға ерте жастан бастап өз таланттарын дамытып, мамандық таңдауға, еліміздің адами капиталын дамытуға және мұғалім, бала мен ата-ана арасындағы коммуникацияны жақсартуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті оқу-ағарту вице-министрі Арай Оразова.

Тараптар ұлттық бірыңғай білім беру платформасы арқылы әрбір білім алушы үшін онлайн оқуды қолжетімді және сапалы етудің маңыздылығын талқылады, сондай-ақ білім беру ұйымдарында платформаны ілгерілету мен дамыту, бірлескен жобаларды жүзеге асыру, стейкхолдерлермен семинарлар мен конференциялар өткізу туралы келісімге келді.

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки