Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

21.06.2024 | 277

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтардан 1000-ға жуық бала «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында демалды

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтардан 1000-ға жуық бала «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында демалды

«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында келесі аптада жаңа маусым басталады. Биылғы жазда бұл орталық 6000-нан астам баланы қабылдайды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Республикалық оқу-сауықтыру орталығы жазғы кезеңде әрқайсысы 15 күннен тұратын бес ауысым өткізеді, әрбір ауысым рухани-адамгершілік, патриоттық тәрби беру, балалардың физикалық дамуы секілді түрлі бағыттарды қамтиды.

«Биылғы жылдың басынан орталықта 5800 бала демалды, олардың 842-сі зардап шеккен аймақтардан келген балалар. Келесі аптада жаңа маусымға Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарынан тағы 17 бала келеді деп күтілуде. Жаздың соңына дейін су тасқынынан зардап шеккен аймақтардан 1000-ға жуық баланы демалыспен қамту жоспарланып отыр», - деп хабарлады «Балдәурен» РОСО баспасөз қызметі.

Айта кетейік, орталық әртүрлі құрылымдық бөлімшелерден тұрады: білім беру, тәрбие, медициналық, дене шынықтыру кешендері.

Анықтама үшін: Су тасқыны басталғалы бері түрлі республикалық сауықтыру орталықтарында 1083 бала демалды. Жазғы кезеңде демалыспен тағы 3,7 мыңға жуық бала қамтылады.

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки