20.03.2025 | 48
Білім жаңалықтары
Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары
21.06.2024 | 643
410 колледжге 500-ден астам қазақстандық кәсіпорын қолдау көрсетеді
410 колледжге 500-ден астам қазақстандық кәсіпорын қолдау көрсетеді
Кәсіпорындардың колледждерге қамқорлығын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта 518 кәсіпорын 410 колледжге қамқорлық жасап, қамқоршылық кеңестер мен салалық кеңестер арқылы колледждерді басқаруға қатысып келеді.
«104 мыңнан астам студент кәсіби практикадан, 4 мыңнан астам педагог кәсіпорындар базасында тағылымдамадан өтті. Колледждер қамқорлық көрсететін кәсіпорындардың қатысуымен 4 мыңнан астам білім беру бағдарламасын жаңартты. Биыл мақсатты тапсырыс бойынша жұмысқа орналастыру міндеттемесімен тағы 10 мың студент қабылданады», - дейді Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.
Сонымен қатар, дуальды оқытуды өңірлерде тарату жалғасуда. Биыл еліміздегі 9 мың кәсіпорында дуальды оқыту аясында 91 мыңнан астам колледж студенті өндірістік тәжірибеден өтуде.
Жасанды интеллект фотоиллюстрациясы
-
-
19.03.2025 | 61
Ғани Бейсембаев азаматтарды жеке қабылдау өткізді
-
18.03.2025 | 100
2025 жылы Қазақстанда 200-ден аса жаңа мектеп салынады
-
18.03.2025 | 52
Ақтөбелік оқушылар «Робот-лаборант» ойлап тапты