Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

28.06.2024 | 199

EGeO географиядан Еуропалық олимпиадада ел намысын алты қазақстандық оқушы қорғайды

EGeO географиядан Еуропалық олимпиадада ел намысын алты қазақстандық оқушы қорғайды

28 маусым – 4 шілде аралығында Сербияның Белград қаласында оқушылар арасындағы халықаралық ең ауқымды олимпиадалардың бірі - EGeO өтеді.

Қазақстанның ұлттық құрамасына олимпиадалық резервтің алты мүшесі енді:
Ақжол Болат — Талдықорған қаласындағы ФМБ НЗМ 11-сынып оқушысы;
Арсен Сыдықов — Шымкент қаласындағы ХББ НЗМ 11-сынып оқушысы;
Қанат Серікбай — Шымкент қаласындағы ХББ НЗМ 11-сынып оқушысы;
Жомарт Сабыр — Жамбыл облысындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
Андрей Енбахтов — Қостанай ФМБ НЗМ 9-сынып оқушысы;Амир Дарынов — Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы.

Анықтама үшін: Географиядан Еуропалық олимпиада EGeO 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Өткен жылы еліміздің жас географтары 6 медаль жеңіп алды.

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки