Білім жаңалықтары
31.07.2024 | 533
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау
Айтылды:
2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөнінде шаралар кешенін қабылдау
(Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасы)
Орындалды:
- мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ағымдағы жылдың басынан бері 27 мыңға жуық жаңа орын ашылды;
- мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балалардың ата-аналарына арналған консультациялық пункттер желісі кеңейтілуде, 2024 жылдың соңына дейін олардың саны 5000-ға жетеді;
- мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш мектептің жұмысындағы сабақтастықты қамтамасыз ету мақсатында баланың жеке даму картасы цифрлық форматқа көшірілді және бастауыш сынып мұғалімдеріне ҰБДҚ базасында қолжетімді болады.
-
-
01.07.2025 | 42
Қабылдаушы кәсіби отбасы дегенміз не?