Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

09.09.2024 | 207

Абай облысының ауыл мұғалімі сабақ беруде халықаралық әдістемені қолданады

Абай облысының ауыл мұғалімі сабақ беруде халықаралық әдістемені қолданады

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі педагогтердің үздік тәжірибелеріне арналған айдарды қайта жаңғыртады. Бұл жолы Абай облысынан математика пәнінің мұғалімі, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Қуаныш Алтынжанов туралы әңгімелейміз.

 Ол Қаракөл орта мектебінде математикадан сабақ береді. Қуаныш Алтынжанов өзінің оқыту әдістемесінде flipped classroom әдісін сәтті қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттырып, математикаға деген қызығушылықтарын арттырды.

«Халықаралық озық білім беру тәжірибелерін қолдану оқушылардың мүмкіндіктерін айтарлықтай арттырады. Менің мақсатым – әр оқушының қабілетін дамыту, оларға әлемдік стандарттарға сай білім бере отырып, болашақта жарқын жетістіктерге қол жеткізуге ықпал ету», – дейді Қуаныш Алтынжанов.

Айта кетейік, ұстаз Сингапур мен Солтүстік Ирландияда кәсіби біліктілігін арттырып, Финляндиядағы HAMK университетінде педагогикалық тағылымдамадан өткен. 2018 жылы Халықаралық мұғалімдер олимпиадасында жүлдегер атанған, ал 2021 жылдан бастап Қаракөл орта мектебінде қызмет етіп келеді. Осы уақыт ішінде ол көптеген оқушыларды олимпиадаларға дайындап, жоғары жетістіктерге жетеледі.

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки