Білім жаңалықтары
10.09.2024 | 265
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытудың жаңа тәсілдері әзірленді – ҚР Оқу-ағарту министрлігі
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытудың жаңа тәсілдері әзірленді – ҚР Оқу-ағарту министрлігі
Үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау мәселесіне тоқталып өтті. Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады.
Ғани Бейсембаевтың айтуынша, өндіріске жаңа технологияларды интенсивті түрде енгізу білікті кадрларға сұранысты арттырып, мамандарға қойылатын талаптарды айтарлықтай өзгертті. Осыларды ескере отырып, ведомство техникалық және кәсіптік білім беу жүйесін дамыту бойынша жаңа тәсілдерді әзірледі. Бірінші кезекте колледждерді өңірлердің экономикасына қарай бейіндеу жүргізіледі.
«Бұны іске асыру үшін өңірлер экономикасының құрылымына талдау жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, төрт макроөңір және олардың даму бағыттары айқындалды. Осы бағыттарды ескере отырып, өңірлердің фокусын техникалық және кәсіптік білімге бағыттау үшін колледждерді бейіндеу жұмыстары басталды. Бүгінгі таңда өңірлердің экономикасы құрылымдарына сәйкес 195 колледж қайта бейінделді», - деп атап өтті министр.
Осылайша, еліміздегі жұмыс күшінің үштен бірінен астамы шоғырланған Қазақстанның оңтүстік аймақтарында өндірістерді локализациялау және инфрақұрылымды дамыту жүруде. Орталық және шығыс облыстарда кадрлардың салааралық және өңіраралық ауысуын қамтамасыз ету үшін одан әрі индустрияландыру жоспарлануда. Солтүстік өңірлерде аграрлық сектор қарқынды жүзеге асырылып жатса, батыста – ірі компаниялардың айналасында жаңа өндірістер құрылуда.
-
-
13.10.2024 | 28
Елордалық оқушылар экологиялық акцияға қатысты
-
10.10.2024 | 155
Елордалық білім ұйымдарында тамақтану сапасы тексерілді