Білім жаңалықтары
29.10.2024 | 109
КҮЗГІ ДЕМАЛЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ: ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ҰСЫНЫСТАРЫ
КҮЗГІ ДЕМАЛЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ: ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ҰСЫНЫСТАРЫ
Қазақстандық мектептерде күзгі демалыс басталды. Оқу-ағарту министрлігі «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында демалысты ұйымдастыру бойынша ұсыныстар әзірлеп, өңірлерге жолдады.
????????♀️???????????? I. Оқушылармен кәсіптік бағдар беру жұмысын жасау: кәсіпорындарға экскурсиялар ұйымдастыру, сондай-ақ түрлі кәсіптің үздік өкілдерімен кездесулер өткізу.
???????????????????????? II. Өмірдің қиын жағдайына тап болған, үйде оқитын оқушылар үшін мына шараларды: виртуалды экскурсиялар, онлайн жарыстар, психологтармен іс-шаралар, белгілі бір пәндер бойынша кеңестер ұйымдастыру маңызды.
???? ???????????????? III. Ата-аналармен өзара қарым-қатынас құру барысында: балалармен бірлесіп, мәдени-көпшілік және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын, экскурсиялар, интернет-марафондар, ата-аналарға арналған конференциялар мен форумдар өткізу.
???????????????? IV. Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталықтары: құқық қорғау, денсаулық сақтау, төтенше жағдайлар органдарының өкілдерін шақырумен балаларды тәрбиелеу және зиянды әдеттердің алдын алу бойынша кеңестер ұйымдастыру.
????️ V. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мектептің де, ата-аналардың да басты міндеттерінің бірі. Сондықтан, аталмыш іс-шараларды өткізбес бұрын күзгі демалыс кезінде оқушылар мен олардың ата-аналарына өмір қауіпсіздігі және денсаулықты қорғау туралы нұсқаулық жүргізу маңызды.
Еске салайық, биылғы оқу жылында күзгі демалыс 28 қазаннан басталып 3 қарашаны қоса алғанда 7 күнтізбелік күнді құрайды.
-
-
07.11.2024 | 45
Еліміздің екі өңірінде жайлы мектеп ашылды
-
05.11.2024 | 92
TikTok жыл сайынғы педагогтер байқауын жариялайды