Білім жаңалықтары
25.11.2024 | 1189
Қазақстанда тағы екі жайлы мектеп ашылды

Қазақстанда тағы екі жайлы мектеп ашылды
Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Астана қаласы мен Жамбыл облысында 2000 және 1200 оқушыға арналған заманауи екі мектеп ашылды.
Бұл мектептер озық техникамен жабдықталған оқу кабинеттерінен бастап, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қолжетімді ортаға дейін жоғары заманауи стандарттарға сәйкес келеді. Сондай-ақ, бірнеше асхана, кең спорт залдары, акт залдары, кітапханалар, лингафон және компьютерлік кабинеттер, зертханалар, шеберханалар мен коворкинг-орталықтар қарастырылған. Білім алушыларға робототехника кабинеттері, STEM-зертханалар және оқытуға арналған басқа да инновациялық кеңістіктер қолжетімді. Балалардың қауіпсіздігі бейнебақылау камералары, турникеттер және дабыл түймелері арқылы қамтамасыз етіледі.
Айта кетейік, бұл Астанада салынған 10-шы жайлы мектеп, ал Жамбыл облысында — үшінші мектеп. Жыл басынан бері Қазақстанда 91 мың орындық 35 жайлы мектеп пайдалануға берілді.
-
-
15.12.2025 | 48
Балалар үйінің жас таланттары үлкен сахнада өнер көрсетті
-
11.12.2025 | 142
Қазақстанда балаларға арналған ұйымдарды тексеру тәртібі өзгерді
-
11.12.2025 | 114
Қазақстан Үкіметі педагогтерді даярлау ісіне бақылауды күшейтеді

