Білім жаңалықтары
28.11.2024 | 521
Оқу-ағарту министрі азаматтарды жеке қабылдау өткізді
Оқу-ағарту министрі азаматтарды жеке қабылдау өткізді
Ғани Бейсембаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Еліміздің тұрғындарына әр өңірден бейне байланыс режимінде де өз сұрақтарын қою мүмкіндігі берілді.
Өтініштер негізінен мектепке дейінгі және орта білім беруден бастап техникалық және кәсіптік оқыту, сондай-ақ инклюзивті білім беру мәселелерін қамтыды.
Министр тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берді. Қосымша зерделеу мен пысықтауды қажет ететін мәселелер ведомство басшысының жеке бақылауына алынды.
Қабылдау қорытындысы бойынша Оқу-ағарту министрлігінің комитеттері мен құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
Айта кетейік, министрдің азаматтарды жеке қабылдауы өңірлерде де өтеді, сондай-ақ Астана қаласында Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 16 кіреберісте орналасқан азаматтарды қабылдаудың мамандандырылған орталығында ұйымдастырылады.
-
-
17.06.2025 | 92
Қазақстандық оқушы Еуропаның ең үздік физигі атанды
-
17.06.2025 | 99
Жаңа оқу жылында Қазақстанда 200-ден астам мектеп салынады
-
12.06.2025 | 172
КҮН САНЫ
-
10.06.2025 | 204
Биыл 170 мыңнан астам студент колледж бітіреді
-
09.06.2025 | 260
Әр екінші қатысушы — жүлдегер