20.03.2025 | 45
Білім жаңалықтары
04.03.2025 | 115
Республикалық олимпиадаларда ауыл оқушыларының жүлделі орын алуы 10 есеге жуық артты
Республикалық олимпиадаларда ауыл оқушыларының жүлделі орын алуы 10 есеге жуық артты
2024 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық оқушылар 80 зияткерлік іс-шараға қатысты. Барлығы 1,5 миллионнан астам (40%) оқушы қамтылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстел барысында белгілі болды.
Екінші жыл қатарынан ауыл мектептерінің оқушыларына арналған Республикалық пәндік олимпиада өткізіліп келеді. 2024 жылы оның мектепішілік кезеңіне 113 мыңнан астам оқушы тіркелді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 35 мыңға артық.
«Нәтижесінде, республикалық олимпиадаларда жүлделі орын алған ауыл оқушыларының саны 10 есеге жуық өсті. Бұл мыңдаған бала үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Ауыл мектептері оқушыларын зияткерлік олимпиадалар мен байқауларға дайындау мақсатында «Дарын» сырттай мектебі жұмысын бастады. Онда II Республикалық ауыл олимпиадасының мыңға жуық финалисті білімін жетілдірді», – деп атап өтті «Дарын» РҒПО директоры ҒаждембекТұрсынов.
«Дарын» сырттай мектебінде тәжірибелі ұстаздар – республикалық және халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпаздары дәріс береді. Олар пәндерді тереңдетіп оқытумен қатар, олимпиадаға дайындықтың стратегиялары мен әдістерін үйретеді, сондай-ақ пайдалы ресурстарды тиімді пайдаланудың жолдарын түсіндіреді.
Жалпы, 2024 жылы 27 республикалық және 5 халықаралық оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылып, оқушылар халықаралық олимпиадаларға дайындалды. Нәтижесінде, қазақстандық оқушылар әлемдік олимпиадалар мен конкурстарда 563 медаль жеңіп алды.
-
-
19.03.2025 | 60
Ғани Бейсембаев азаматтарды жеке қабылдау өткізді
-
18.03.2025 | 100
2025 жылы Қазақстанда 200-ден аса жаңа мектеп салынады
-
18.03.2025 | 52
Ақтөбелік оқушылар «Робот-лаборант» ойлап тапты