Білім жаңалықтары
17.03.2025 | 985
Ілгерілеуге бастаған алты жыл: Қазақстан орнықты даму жолында

Ілгерілеуге бастаған алты жыл: Қазақстан орнықты даму жолында
«Білім беру саласында атқарылып жатқан іс-шаралар мектептер мен балабақшалардағы орын тапшылығын жоюға, білім сапасын жақсартуға, педагог мәртебесін көтеруге бағытталған. Соңғы алты жылда 1 367 балабақша ашылып, кезекте тұрғандардың санын 5 есеге қысқартуға қол жеткізілді. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балалары 100% тегін тамақпен қамтамасыз етілді. 2019 жылдан бері елімізде рекордтық көлемде – 1 200 мектеп салынып, 1 миллионға жуық оқушы орны ашылды.
Ауылдық жерлердегі 3 мыңнан астам мектеп жаңғыртылды. Бұл 32 апатты жағдайдағы және 71 үш ауысымды мектептің мәселесін, сондай-ақ еліміздегі 200 мектептегі орын тапшылығын шешуге мүмкіндік берді.
Биыл шамамен 200 мектептің құрылысы жалғасады. Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, аудан орталықтары мен ауылдарда 1 мың мектепті жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл өте маңызды бағыт, өйткені еліміздегі орта мектептердің 2/3 бөлігі ауылдық жерлерде орналасқан»
Президент жариялаған «Жұмысшы мамандықтары жылы» техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіруге тың серпін берді. Жаңа экономика үшін білікті әрі сұранысқа ие кадрларды даярлау мақсатында колледждер мен өнеркәсіптік кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастық нығайтылуда. Қазіргі уақытта 498 компания 410 білім беру мекемесін қамқорлыққа алды, «Жас маман» жобасы аясында 180 колледж жаңғыртылды. Колледж студенттерінің стипендиясы 50%-ға ұлғайтылды. ЖОО студенттеріне арналған 62 мың орындық 251 жатақхана пайдалануға берілді.
-
-
17.01.2026 | 130
Жеке мектептерге қойылатын талаптар күшейеді
-
16.01.2026 | 135
Абай ұлттық мектебі тарихындағы жаңа кезең басталды
-
15.01.2026 | 149
Алматыда XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өз мәресіне жетті
-
14.01.2026 | 243
Қазақстанда өткен жылы 162 жаңа мектеп салынды
-
13.01.2026 | 169
Ақмола облысында әлеуметтік сала мәселелері талқыланды

