31.10.2024 | 38
Білім жаңалықтары
Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары
29.04.2024 | 717
Қазақстан құрама командасы математикадан 41-ші Балқан олимпиадасына қатысады
Қазақстан құрама командасы математикадан 41-ші Балқан олимпиадасына қатысады
Варна қаласында (Болгария) математикадан 41-ші Балқан олимпиадасы (BMO) басталды. Олимпиадаға 22 елден 130-дан астам оқушы қатысуда.
Қазақстан құрамасының намысын 6 оқушы қорғауда:
- Мирон Юркевич – Халықаралық Haileybury Almaty мектебінің 12 сынып оқушысы;
- Даутов Жан – Қостанай қаласы «Білім-инновация» мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы;
- Шарел Марғұлан – Жамбыл облыстық «Білім-Инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы;
- Сахипов Амир – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математикалық мектебінің 10 сынып оқушысы;
- Аманжолов Амирлан – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математикалық мектебінің 10 сынып оқушысы;
- Мұрат Тимур – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математикалық мектебінің 10 сынып оқушысы.
Айта кетсек, Қазақстан құрама командасының математикадан 41-ші Балқан олимпиадасына қатысуы - ағымдағы жылдың 11-24 шілде айында Бат қаласында (Ұлыбритания) өтетін математикадан халықаралық олимпиадаға (IMO) дайындалу және тәжірибе жинақтау болып табылады.
-
-
31.10.2024 | 28
Оқушылар арасында V республикалық шешендік өнер байқауы өтті
-
30.10.2024 | 68
Оқу-ағарту министрі мәслихат депутаттарымен кездесті
-
30.10.2024 | 41
69 білім беру ұйымында профилактикалық бақылау жүргізілді
-
29.10.2024 | 60
КҮН САНЫ