Білім жаңалықтары
26.04.2024 | 197
Қытайда өткен химия пәнінен 58-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасында қазақстандық оқушылар тоғыз медаль жеңіп алды
Қытайда өткен химия пәнінен 58-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасында қазақстандық оқушылар тоғыз медаль жеңіп алды
Бүгін химия пәнінен оқушыларға арналған 58-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасының қорытындысы шықты. Шэньчжэнь қаласында (Қытай) өткен жарысқа 29 елден 200-ден астам оқушы қатысып, өзара 15 алтын, 30 күміс және 45 қола жүлдені таласқа салды.
Қазақстан құрама командасы 1 алтын, 2 күміс және 6 қола, барлығы 9 медаль жеңіп алды:
Алтын медаль - Ринат Илюсизов, Павлодар қаласындағы №8 дарынды балаларға арналған лицейдің оқушысы.
Күміс медаль - Әділжан Молдағұл, Ақтау қаласының «Білім-Инновация» лицей-интернатынан және Кирилл Ким, Астана қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен.
Қола медаль - Абылай Қабдулхадыр, Астана қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен, Алихан Серікұлы, Haileybury Almaty халықаралық мектебі, Еңлік Бақытбекова, Алматы қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Тамила Рахимбаева, Павлодар қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Санжар Қалиақбар, Қарағанды қаласының №1 «Білім-Инновация» мектеп-интернаты және Әліби Мұғалім, Ақтау қаласының «Білім-Инновация» мектеп-интернаты.
-
-
06.05.2024 | 92
Күн саны
-
04.05.2024 | 117
Күн саны
-
03.05.2024 | 100
Күн саны
-
02.05.2024 | 134
Оқу-ағарту министрі азаматтарды жеке қабылдау өткізді