Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

30.05.2025 | 58

1 шілдеден бастап елімізде отбасыға орналасудың жаңа түрі - «Кәсіби қабылдаушы отбасы» енгізіледі

1 шілдеден бастап елімізде отбасыға орналасудың жаңа түрі - «Кәсіби қабылдаушы отбасы» енгізіледі

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен дөңгелек үстелде Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері 1 шілдеден бастап елімізде балаларды орналастырудың жаңа түрі – кәсіби қабылдаушы отбасы енгізілетінін хабарлады. Бұл уақытша шара балаларға қауіпсіз әрі жайлы үй жағдайын жасауға бағытталған.
 
​Қабылдаушы кәсіби отбасылар бір уақытта төрт балаға дейін қабылдай алады. Әрбір балаға жеке көңіл бөлініп, қамқорлық көрсетіледі. Баланың мұндай отбасында болу мерзімі ең көп дегенде алты айды құрайды.
 
​Қабылдаушы кәсіби отбасыларға тек төрт санаттағы балалар ғана орналастырылады:
​•​жетім балалар;
​•​ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
​•​панасыз және қараусыз қалған балалар;
​•​зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балалар.
 
​Қабылдаушы кәсіби отбасы болуға үміткерлер міндетті түрде жетім балаларға арналған арнайы ұйымдар мен балаларды отбасына орналастыруға көмектесетін аккредиттелген мекемелерде психологиялық дайындықтан өтеді.
 
​Кандидаттарды тағайындау туралы шешімді қамқоршылық органдары қабылдайды. Бұл шешім ұсынылған құжаттардың толықтығы мен заң талаптарына сәйкес қабылданады.
 
​Қабылдаушы кәсіби тәрбиешіге әр бала үшін ай сайын жәрдемақы және көрсеткен қызметі үшін қосымша төлем қарастырылған.
 
​Балалар анықталған бойда интернат мекемелеріне емес, бірден отбасыларға жіберіледі. Бұл олардың отбасы жылуын сезінуіне мүмкіндік береді.
 
​Айта кетейік, елімізде балаларды орналастырудың төрт түрі бар: асырап алу, қамқоршылық, патронат және қабылдаушы отбасы.

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки