17.06.2025 | 46
Білім жаңалықтары
17.06.2025 | 45
Қазақстандық оқушы Еуропаның ең үздік физигі атанды
Қазақстандық оқушы Еуропаның ең үздік физигі атанды
17 маусымда Болгария астанасы София қаласында Еуропалық физика олимпиадасы (EuPhO-2025) өз мәресіне жетті. Биылғы зияткерлік додаға 39 елден 200-ден астам жас физик қатысты.
Қазақстан құрамасы бұл жарыста тамаша нәтиже көрсетті, ел намысын қорғаған бес оқушының барлығы жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы Ілияс Қазымбек олимпиаданың абсолют жеңімпазы болып танылды. Ол Қазақстанның жүлде қоржынына алтын медаль алып келді.
Астанадағы РФММ-нің тағы бір 10-сынып оқушысы Алтаир Аканов пен Алматы қаласындағы «Miras» халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы Роман Черемнов күміс медаль иеленсе, «Nurorda» халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы Даниэль Тюлюбаев қола медаль жеңіп алды. Қостанай облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Таир Әбдіқадыр құрмет грамотасын иеленді.
Команданы халықаралық және республикалық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпаздары, тәжірибелі тәлімгерлер – Андрей Сидоренко мен Темірлан Исмагұлов дайындады.
Анықтама үшін: EuPhO – мектеп оқушыларына арналған беделді халықаралық зияткерлік сайыс. 2024 жылы Қазақстан құрамасы аталған олимпиадада 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алған болатын. Биылғы көрсеткіш елімізде дарынды оқушылармен жүйелі әрі нәтижелі жұмыс жүргізіліп отырғанын айғақтайды.
-
-
17.06.2025 | 50
Жаңа оқу жылында Қазақстанда 200-ден астам мектеп салынады
-
12.06.2025 | 150
КҮН САНЫ
-
10.06.2025 | 184
Биыл 170 мыңнан астам студент колледж бітіреді
-
09.06.2025 | 238
Әр екінші қатысушы — жүлдегер
-
05.06.2025 | 201
Маңғыстаулық оқушы минутына 17 мың сөз оқиды