Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

13.05.2025 | 33

Қазақстандық оқушы Орта Азия бойынша информатикадан үздік деп танылды

Қазақстандық оқушы Орта Азия бойынша информатикадан үздік деп танылды

7–13 мамыр аралығында Ташкент қаласында математика және информатика пәндерінен III Халықаралық Әл-Хорезми олимпиадасы өтті. Шығыс Қазақстан облысынан «Білім-инновация» мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Алдияр Амангелді алтын медаль жеңіп алып, тоғыз елден келген 200-ден астам дарынды оқушылар арасынан ең үздік қатысушы атанды.

 Біздің елдің құрамасы 100% нәтижеге қол жеткізді – алты қатысушының барлығы жүлдемен оралды:

Алдияр Амангелді – Өскемен қаласынан «Білім-инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы;
Әли Мендеке – Семей қаласынан «Білім-инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы;
Мейірбек Мұрат – Орал қаласынан НЗМ-нің 9-сынып оқушысы;
Медеу Жұбатыров – Ақтау қаласынан «Білім-инновация» лицейінің 8-сынып оқушысы;
Айдайбек Абдурахман – Тараз қаласынан «Білім-инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы;
Нұрислам Дүйсенғали – Алматы қаласынан РФММ-нің 9-сынып оқушысы.

Команданың жаттықтырушылары — Ибрагим Ибатулин мен Жамбыл Максотов.

Әл-Хорезми олимпиадасы Орталық Азия жастарының зияткерлік әлеуетін дамытуға және нақты ғылымдарды насихаттауға бағытталған. Өткен жылы біздің оқушылар 4 медаль жеңіп алған болатын.

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки