Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

04.05.2024 | 218

Педагогикалық қолдау орталықтарында 140 мыңнан астам оқу-жаттығу өткізілді

Педагогикалық қолдау орталықтарында 140 мыңнан астам оқу-жаттығу өткізілді

Биылғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап барлық білім беру ұйымдарында Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары жұмыс істей бастады. Бұл бастама Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

Оқу жылының басынан бері 3,7 млн қазақстандық ата-ананы қатыстыра отырып, 40 мыңнан астам оқу-жатығу ұйымдастырылды.

«Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы – оларды бала тәрбиесінде қолдауға және қолайлы білім беру ортасын құруға, позитивті ата-ана болу мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды бастама. Ата-ана бала тәрбиесінде маңызды рөлге ие, оларға мектеп тарпынан қолдау бере отырып, балалардың дамуында ұзақ мерзімді жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады»,– дейді «Өркен» БӘАҰҒПИ бірінші вице-президенті Елена Сакенова.

Сондай-ақ орталықтарда дәстүр мен құндылықтарды сақтауға негізделген «Даналық мектебі» клубы жұмыс істейді, бұл отбасы институтын нығайтуға, балалар мен ата-аналар қарым-қатынасын жақсартуға, отбасы мен мектептің өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығын тереңдетуге және кеңейтуге ықпал етеді.

Орталықтарда ата-аналар балаларының сынып жетекшілерінен көмек пен кеңес сұрай алады, бұл білім беру қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз етеді және білім беру ұйымы мен отбасы арасында ынтымақтастық орнатады.

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки